Сарыарқа төрінде жаһан бишілері бас қосты. Елордада «Kazakhstan Dance Festival» шарасы өтіп жатыр. Дүниежүзілік би өнері орындаушыларының байқауы әлемнің 12 елінің қатысушыларын жиды. Барлығы 500-ге тарта биші жеке және жұпен өнер көрсетуде. Фестиваль аясында ел тарихында тұңғыш рет латынамерикалық бағдарлама бойынша ресми әлем чемпионатының жеңімпаздары анықталады. Үміткерлер ча-ча-ча, самбо, румба, джайф және испаниялық пасодобль билерін орындаудан жарысуда. Олардың өнерін бағалауға халықаралық деңгейдегі төрешілер шақырылды. Бұған қоса, әлемге танымал хореографтар жас бишілермен шеберлік бөлісті. Мың бұралған кербез бишілердің ауқымдым шарасы Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.
Никита Павинский, биші, Германия:
– Біз Германия елінің намысын арқалап келдік. Былтыр желтоқсанда дәл осы WDO нұсқасы бойынша өткен әлем чемпионатының финалисті атандық. Алдымызда әсем қаламен жақын танысып, турнирде жеңіске жету мақсаты тұр. Үздік биімізді ұсынып, көрерменге жақсы көңіл күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырамыз деп ойлаймын.
Сергей Беляев, қазылар алқасының мүшесі, Финляндия:
– Бұл шара белді әлемдік турнирлерден еш кем емес, тіпті кей тұстары бойынша асып түсті десем артық айтпаймын. Ұйымдастыру жағы, жалпы безендіррілуі жоғары деңгейде. Техникалық тұрғыда өте ұтымды шешімдер қолданылған, би алаңының, жарық пен дыбыстың сапасы жақсы. Қазақстан болашақта жоғары деңгейдегі титулдық жарыстар мен кез-келген ауқымды би шараларын өткізуге дайын екенін барынша танытты деп ойлаймын.