Ғасырдан тамыр тартқан 1000-нан аса жәдігер. Елордада отандық коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» атты көрмесі ашылды. Көрме авторы соңғы 20 жыл жүзінде халқымыздың ұмыт болып бара жатқан бұйымдарын жинаумен айналысады. Оның айтуынша, көпшілік назарына ұсынылып отырған экспонаттармен қазіргі буын өкілдерінің жақын танысуы маңызды. Себебі көненің көзіндей жәдігерлердің мәдени құндылығы жоғары.
Бахаргүл Төлеген, коллекционер-этнограф:
– Менің коллекциямдағы ең көне бұйым 1-3 ғасырлардағы Кушан патшалығы кезіндегі айналымға түскен теңгелер бар. Ауғанстан, Пәкістан, Солтүстік Үндістан аймақтарында айналымға тсүкен теңгелер. Теңгенің бетінде Кушан патшасының бейнесі бейнеленген. Сондай-ақ түркі қимақ дәуіріндегі ортағасырға жақын батырлардың 5 қаруы бар. Көбі енді 18-19 ғасырлардағы күмістен жасалған әшекей бұйымдар, батырлардың сауыт-саймандары және белдіктер.
Айта кетейік, «Жауһар жәдігер» бірегей көрмесі «NUR ALEM болашақ энергиясы» музейіне келушілерге тұрақты қызмет көрсетеді.
Дәулет Еркімбаев, «Qazexpocongress» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары:
– Біздің музей қала қонақтары мен елордамыздың тұрғындары арасында өте танымал. Бұл көрменің бірінші қабатта орналасуы тегіннен емес. Дәл осы қабатта Қазақстанмен танысу аймағы орналасқан. Мысалы, көрмеге келген көрермен бірінші кезекте музейдің интерактивті тақтасы арқылы Қазақстанмен танысады, ал одан кейін мына көрмеге өтіп, қазақ халқының мәдени құныдылығын көре алады.