Құрақ көрпеге басылған хикая. Абай облысының Бесқарағай ауылының тұрғыны Жанар Мәлікбаева ұлы Абайдың шығармаларын негізге алып, мағынасын жұртшылыққа осындай ерекше формамен ұсынуды құп көрген. Шебер бұған дейін «Жыл мезгілдері» тақырыбында 8 картина құрап-тоқып шыққан. Әрқайсысына көптеген материалдың қиықтарын пайдаланады. Қолөнер шебері осы бір өнерді екі әжесінен үйренген екен. Енді өзі де бар білімін кейінгі ұрпаққа үйретуге тырысып бағуда. Суретші 13 жылдан бері балаларға оның қыр-сырын үйретіп келеді. Айтпақшы, шебер әр халықтың ұлттық киімдегі қуыршақтарын тоқумен де шұғылданады. Жанар Мәлікбаеваның туындылары шетелде де өз бағасын алды.
Жанар Мәлікбаева, Бесқарағай ауылының тұрғыны:
– Менің мақсатым – қолымнан шыққан әр туындым адамдарға ерекше әсер сыйласа деймін. Олар бір сәт бәрін ұмытып, өзге әлемге бойласа, тек жақсы дүние туралы ойласа. Мен жұмысымды саудаға салмаймын. Өйткені, шығармашылық ақшамен бағаланбайды.