Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 процентке дейін көтерді.
«Бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді. Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды» - делінген бас банк таратқан хабарламада. Айта кетейік, базалық мөлшерлеме бұған дейін қазан айында 16 процентке көтерілген болатын.