Қаржы ұйымының бағалауы бойынша, осы саладағы проблемаларды ойдағыдай шешу арқылы өңірлік ЖІӨ өсу қарқыны жылына 1,5%-ке қосымша ұлғаюы мүмкін. Сонымен қатар банк өңірлік салалық, көпжақты халықаралық қаржы ұйымдарын, сондай-ақ аймақ елдерінің үкіметтерін су-энергетикалық кешен мәселелерін бірлесіп шешуге шақырды. Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан республикалары осы саладағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары бекітілетін бірлескен мәлімдеме қабылдауға ниетті. Бүгінде Орталық Азияны электр қуаты және судың қажетті көлемімен қамтамасыз ететін жобалардың тізімі жасалған.