Ақбақай алтын өндіру фабрикасында өндірістің жаңа кезеңі іске қосылды

Ақбақай алтын өндіру фабрикасында өндірістің жаңа кезеңі іске қосылды

Ақбақай алтын өндіру фабрикасында жаңа өндіріс көзі іске қосылды. Соның арқасында алтын рудасын өңдеу қуаттылығы жылына 850 мың тоннадан 1,2 миллион тоннаға дейін артады. Жаңа айналымдар өндіріс ауқымын кеңейтіп, ел экономикасына бұдан да зор үлес қосуға мүмкіндік береді дейді мамандар. Сонымен қатар, қосымша жұмыс орындары ашылмақ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайық, алтын өндіру зауытында құрамында алтыны бар кендер өңделіп, дайын өнім, сондай-ақ алтын-күміс қорытпалары өндіріледі.