Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталар шығарды

Қазақстан Ұлттық Банкі тарихи тұлғалардың суреті бейнеленген коллекциялық монеталар шығарды. Оларда әлемнің екінші ұстазы – Әл-Фараби, жырау Сүйінбай Аронұлы, күйші Құрманғазы бейнеленген. Бұл «банкнотадағы портреттер» сериясының жалғасы. Өлшем бірлігі 200 және 500 теңгелік бұл монеталарды 8 желтоқсаннан бастап сатып алуға болады. 

Алмат Бәсенов, ҚР Ұлттық Банкінің бас дизайнері:

– Мен Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай бейнеленген 3 монетаны таныстырғым келеді. Олар, күмәс пен нейзьлберден жасалған. Естеріңізде болса, бұл серия 2011 жылы шыққан. 


Ол монаталардың барлығы алтыннан жасалған еді. Кейіннен, 2014 жылы соның үшеуі күміс пен нейзильберден жасала бастады. Қазір, коллекция жинаушылардың өтініші бойынша, біз осы монеталардағы металл көлемін тағы толықтыруға шешім қабылдадық. Күмістен жасалған монеталар 2 мың тиражбен сатылса, нейзильберден соғылған монетаның әр түрінен 50 мың данамен шығады.