Қазақстан тұңғыш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында «алтын» медаль алды. АҚШ-та өтке додада әйелдер арасында 3000 метрге кедергілермен жүгіруде Қазақстан өкілі Нора Джеруто жеңімпаз атанды. Айта кетейік, Кенияның тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған еді.
Ал Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы құрлықтық додада Едіге Емберді 73 келі салмақта алтын медальға ие болды. Ол қос сайыс қорытындысы бойынша 309 келіні бағындырды, тіпті, серпе көтеруде Азия рекордын жаңартты. Орта салмақтағы сайыста Әлішер Байбұров елімізге екінші алтынды сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық құрама қоржыны тағы бір қоламен толықты. Бұл жолы қыздар арасына 55 келі салмақтағы Екатерина Алякина жұлқа көтеруде үшінші орынға ие болды.
Едіге Емберді, ауыр атлетикадан Азия чемпионы:
- Шынымды айтсам қуаныштымын. Осы жарыс негізі қиын болды. Тайланд спортшысы мықты болды. Менен 1-2 келі аз көтерді. Жақсы жарыс болды. Енді біраз демаламыз. Келесі жылы юниорға өтеміз.