Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық The Hill саяси
басылымына жазған мақаласында әлем елдерінің көшбасшыларына үндеу тастады. Мемлекет
басшысы болашаққа деген жауапкершілік пен туындаған дағдарыстар мен
проблемаларды тез арада шешудің маңыздылығын атап көрсетті. Сондай-ақ мақалада
пандемия мен климаттың өзгеруі сиқяты тақырыптар да көтерілген. Ал басты қауіп
– ядролық қару. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан халқы ядролық қару
сынақтарының зардабын жақсы біледі. Бүгінде еліміз ядролық қарудың таралуын
болдырмау жөніндегі жаһандық күш-жігердің алдыңғы қатарына шықты. Сонымен қатар
Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта пандемияға дайын болуға ықпал ететін БҰҰ-ның биологиялық
қауіпсіздік агенттігін құруды ұсынды. Бұдан бөлек Президент жаһандық су
ресурстары мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге шақырды. Мемлекет
басшысы бұл күш-жігер адамзаттың болашағын айқындайтынын және оларды әлем
қолдаған жағдайда ғана нәтиже беретінін атап өтті.