Қазақстандық арна мамырдың ортасынан бастап әзербайжан кабельдік телевизиясының 14 операторының арналар пакетіне енді. Көрермен көп арналы форматта қазақ, орыс, ағылшын, қырғыз және өзбекше ұсынылатын жаңалықтар, бағдарламалар, деректі жобалар мен көркем контентті қалаған тілінде таңдай алады.
Еске салайық, биыл сәуір айында Әзербайжан Президентінің Қазақстанға ресми сапарының аясында Мемлекет басшылары ақпарат құралдары мен медиа-өндіріс саласындағы серіктестікті дамытуға уағдаласқан. Бұл ретте айта кетерлігі, еліміздегі бірегей халықаралық жерсеріктік Silk Way телеарнасы әлемнің 118-ден астам елінде тарайды.