Қ.Тоқаев Катар мемлекетінің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Қ.Тоқаев Катар мемлекетінің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Соңғы жылдары Қазақстан мен Қатар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша елеулі табысқа қол жеткізіп, берік құқықтық база қалыптастырды және бірқатар ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Джабермен кездесуінде мәлімдеді. Сондай-ақ, Президент Қатарды Қазақстанның ортақ мақсаттар мен мұраттар біріктіретін ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атады. Мемлекет басшысы Астанада өтетін ШЫҰ саммитін қолдап, құрметті қонақ ретінде қатысуға ниет танытқаны үшін Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ризашылығын білдірді. Өз кезегінде елші Доханың екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға бейілді екенін растады. Сонымен қатар, тараптар сауда-экономика, энергетика және денсаулық сақтау салаларындағы ықпалдастық перспективасын талқылады.