Мемлекет басшысы Түрікменстанға жұмыс сапары аясында осы елдің Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар қазақ-түрікмен байланысын одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен тарапының өңірлік қауіпсіздікті және халықаралық жағдайды жақсартуға бағытталған жұмысын ерекше атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстан үшін Түрікменстан стратегиялық әріптес. Ұзақмерзімді ортақ жобаларымыз бар. Екіжақты байланысты нығайта түсуге барынша басымдық береміз. Бүгінгі келіссөз, қол қойылатын құжаттар бауырлас елдеріміз арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін береді деп сенемін.