Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Президент екі ел арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Мемлекет басшылары сондай-ақ, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады. Бұған қоса тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.