Қазақстан Президенті Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады

Қазақстан Президенті Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. 14-ші наурыз күні Бурабайда өтетін жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді деп жоспарланған. Сонымен қатар Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады. Еске салайық, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай 2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған. Оған әр аймақтық қоғамдық кеңестен бір өкілден тартылды. Ұлттық құрылтай мемлекет пен қоғам арасындағы көпір іспетті ортақ диалог алаңына айналды. Сонымен қатар оның жұмысы жалпыұлттық құндылықтарды нығайту және қазақстандық қоғамның бірлігін жарастыруға бағытталған. Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары еліміздің киелі, тарихи мекедері - Ұлытау, Түркістан мен Атырау қалаларында өтті. Олардың қорытындысы бойынша ел игілігі қамындағы бірқатар заңдар мен түзетулер қабылданды. Мәселен әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ойын тәуелділігімен күресу, өскелең ұрпаққа Ұлттық қордан қаражат бөлу мәселелері көтерілді. Ономастика мен геральдикадағы жұмысты жетілдіру, Мемлекеттік наградалар туралы заңға да қатысты тың өзгерістер орын алды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?