Қ. Тоқаевқа ҚР Премьер-Министрі экономикалық реформаларды жүзеге асыру жөнінде баяндады

Қ. Тоқаевқа ҚР Премьер-Министрі экономикалық реформаларды жүзеге асыру жөнінде баяндады

Мемлекет басшысына ел Премьер-Министрі экономикалық реформаларды жүзеге асыру жұмыстары жөнінде баяндады. Президентке елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы да мәлімет берілді. Биылдың алғашқы екі айында экономиканың өсімі 5,4% құрады. Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы жүктеген ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыруға, цифрландыруға қатысты міндеттерді орындау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы құлағдар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық штабтың тасқынға қарсы іс-шаралар жөніндегі есебін тыңдады. Жағдай тәулік бойы бақылауға алынған. 37 мыңнан астам қызметкер мен 13 мың техника дайындалды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?