ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингенті 2 күннен кейін кезең-кезеңімен Қазақстаннан шығарылады. Шығару мерзімі 10 күнге созылуы мүмкін. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы бітімгершілік миссиясы сәтті өткенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, тәртіпсіздіктерге байланысты Қазақстанға ҰҚШҰ-ның 2 мыңнан астам әскери қызметкері тартылған болатын. Бітімгерлер стратегиялық нысандарды қорғауға жұмылдырылды.