Қазақстан Украинадағы азаматтарын репатриациялық рейспен елге жеткізеді. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. Арнайы рейсті ұлттық әуе тасымалдаушы компания орындайтын болады. Ұшулар ақпанның 25-і мен 26-сы Польшаның Катовице қаласынан жүзеге асырылмақ. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі. Ел азаматтары мүмкіндігінше Львов қаласындағы Құрметті консулдыққа келуге тырысу қажет. Қосымша ақпаратты жедел желі номерлері арқылы алуға болады.
ҚР Құрметті консулдығы: +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.
«Air Astana» жедел желісі: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.