Қазақстандықтардың 80% Конституциялық реформаны қолдайды

Қазақстандықтардың 80% Конституциялық реформаны қолдайды

Қазақстандықтардың 80% жуығы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда ел Президенті ұсынған Конституциялық реформаны қолдайды. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген сауалнама қорытындысы осынай. Сауалнама ел азаматтары қоғамдық-саяси күн тәртібін белсенді қадағалап отырғанын көрсетті. Респонденттер қаңтар айының ең көрнекті оқиғасы ретінде Ұлттық Құрылтайды атады. Сонымен қатар, дені ең маңызды өзгерістердің ішінде бір палаталы Парламентке көшуді, вице-президент лауазымын және Халық Кеңесін құруды жөн шешім деп отыр. Сауаланамаға қатысушылардың 65% конституциялық реформалар халықтың тұрмысын жақсартуға әсер етеді деп сенім білдіріпті. Сондай-ақ, жаңа Парламенттен азаматтар ашықтық, нәтижелі жұмыс және халықпен белсенді диалог жүргізуді күтетінін айтқан. Жалпы сауалнама нәтижесі халықтың конституциялық реформаларға көңілі толатынын, жаңа институттардың құзіретіне қызығушылық танытатынын, олар туралы хабардар екенін көрсеткен.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?