Елордада Astana Media Week форумы басталды

Елордада Astana Media Week форумы басталды

Қазақстанның бас шаһарында Astana Media Week форумы басталды. Іс-шара индустрия мамандарын, шетелдік платформалар мен билік органдарының өкілдерінің басын қосты. Биылғы жиынға Орталық Азия, Еуропа, Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан және Қытай елдерінен жетекші халықаралық және ұлттық медианың өкілдері мен сарапшылар келді. Форум аясында панельдік және диалогтық сессиялар өткізу қарастырылған. Дәстүрлі пікір-талас алаңының алғашқы күн тәртібі  саланы дамытуға бағытталған цифрлық және жасанды интеллект технологияларын ендіру тақырыбына арналды. Сонымен қатар, 3 күн бойы жалғасатын  жиын барысында бірқатар салалық бағыттар бойынша тәжірибелік шеберлік сабақтарын өткізу  жоспарланған.


Бибігүл Құламан, Astana Media Week ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

- Негізгі талқылаулардың бірі - диджитал-медиа тақырыбына арналмақ. Яғни, бүгінгі таңда дәстүрлі медиа және диджатал-медиа бәсекелеспеуі тиіс. Олар отандық медианы одан әрі дамыту үшін бірігуі қажет. Сонымен қатар, форум аясында хатшыларға арналған, сондай-ақ коммуникация дағдарысы, сюжеттер мен мақалалар жазуда қазақ тілін дұрыс пайдалануға қатысты және деректі фильмдерді жасаушылар үшін шеберлік сабақтары өтеді.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?