Алты ай ішінде ол 8 мың шақырым жол жүріп, Қазақстанның 20-дан астам қаласын аралады. Зейнеткер бұл сапарды алты жыл бойы армандаған. Биыл көктемде оның ойы жүзеге асты. Саяхат барысында Сәрсенбай Қотырашев туған жері туралы әңгімелеп, қолөнершілермен танысты. Тіпті шеберлердің арнайы каталогын жинап, халықаралық «ЮНЕСКО» ұйымына тапсырған.
Сәрсенбай Қотырашов, жиһанкез:
- Қазақстан туризмін жоғары деңгейде көрсетсеңіз деген ұсыныс тастады. Сол ұсыныс бойынша келесі жылы жер шарын аралап шықпақпын.
Бақтияр Қожахметов, өлкетанушы, марафонды ұйымдастырушы:
- Мына Гиннестің рекордтар кітабы бар ғой. Соның қызметкерлері айтты, мұндай жаста осыншама шақырымды аз уақытта ешкім әлі жүрген жоқ. Сондықтан бұл кісі Гиннес кітабына кіреді міндетті түрде. Бұл бізге үлкен мақтаныш. Ұлытауды насихаттау жұмыстарының.