31 наурызда Түркістан қаласында өтуі тиіс Түркі кеңесінің бейресми саммиті видеоконференция форматында өтеді. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан тарапы осындай шешім қабылдады. Бұл туралы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Хатшылығына ресми түрде хабарланды.
Естеріңізге сала кетсек, Саммитке ұйымға мүше мемлекетттердің басшылары және осы ұйым бақылаушысы Венгрия премьер-министрі қатысады.