Мемлекет басшысы бұл сапар стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті. Қазіргі таңда қос мемлекет арасында қауіпсіздік, энергетика, сауда және инвестиция секілді маңызды стратегиялық салаларда сенімді серіктестік орнаған. АҚШ Қазақстанның 62 миллиард доллардан астам инвестиция құйған ірі инвесторларының бірі. Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың сыртқы саяси ведомстволары жетекшілері кездесуінің Астанада өтуі маңызды екенін атап өтіп, Құрама Штаттардың С5+1 форматындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған күш-жігерін құптады. Өз кезегінде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Орталық Азиядағы серіктестердің басқосуын ұйымдастырған Қазақстан тарапына алғыс білдірді. Сонымен қатар Америка дипломаты Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістерге жоғары баға берді.