Осының қамында елімізде активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарланған. Егерде олардың иесі шығу тегін растай алмаған жағдайда, негізсіз сатып алынған деп танылып, мемлекет кірісіне айналады. Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында тиісті заң жобасы талқыланды. Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жоюға, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыруға немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеруге қатысты нормалар қарастырылған.
Айта кетейік, жиын ел Премьер-Министрі, орталық мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк және Бас прокуратура басшыларының қатысуымен өтті. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын мұқият пысықтауды тапсырды.