EXIT POLL нәтижесіне сәйкес, референдумда дауыс берген қазақстандықтардың 72 пайызға жуығы АЭС салуды қолдаған. Ал 28 пайыздан астамы «Жоқ, келіспеймін» жауабын таңдады. Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында дауыс беру учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.
Айта кетейік, референдум күні бұдан бөлек тағы 5 ұйым қоғамдық пікірге сараптама жасады.