Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде батылдық және жанқиярлық көрсеткен әскерилерді мемлекеттік наградалармен наградтау туралы жарлыққа қол қойды. Дастан Әділбай, Дархан Барғанаев, Жандос Жағалбаев, Андрей Кабдинов, Рахат Сланбеков – ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ал Нұрболсын Алмасов, Айбат Аманов, Ален Асылханов, Жайық Әділхан, Мейірхан Бітім, Ербол Ержанов, Дәулет Жұпарбеков, Мадияр Қайсаров, Ринат Қамбетов, Ғабдолла Смайылқанов – ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және Әділ Нұркенов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды.