Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Түркістан және Шымкент. Дәл осы бағыттарда Өзбекстаннан автобус қатынасы жүзеге асырылады. Қос мемлекет арасында тұрақты жолаушы тасымалы қызметі қайта жандандырылды. Коронавирустық пандемияға байланысты екі арада құрлықтағы шекара бекеттері жабық болған еді. Қазір барлық ковид-шектеулер алынып тастады.
Хомиджан Насрұллоев, тасымалдаушы компанияның басшысы:
– Өте қиын болды. Жүргізушілердің көбі жұмыстан босады. Қазір қайта жинап жатырмыз. Кәсіп қалпына келуде. Автобустарды толық жаңарттық. Біраз қаржы құйдық. Енді жолаушылар саны артады деген сенімдеміз.
Әзизбек Сабиров, тасымалдаушы компанияның басшысы:
– Сайран автовокзалынан, Сабыр Рахимов автовокзалынан онлайн билет алуға болады. Бастысы Қазақстанның минздравы рұқсатын берді. Шекара ашық болды.