Қазақстандағы тағы бір фармацевтикалық компания қатерлі ісікке қарсы дәрі шығарады

Қазақстандағы тағы бір фармацевтикалық компания қатерлі ісікке қарсы дәрі шығарады

Қазақстанның жетекші фармацевтикалық өндірушілерінің бірі қатерлі ісікке қарсы дәрілер шығарады. Бұл туралы Астанада «GLOBAL PHARM» IV халықаралық форумында белгілі болды. Компания басшылығы ол үшін тағы бір цех ашу жоспарланғанын айтады. Нысанды алдағы желтоқсан айында  іске қосу жоспарланған. Жоба ішкі нарықтың қажеттіліктеріне жауып, сондай-ақ шетелге препараттар экспортын арттыруға мүмкіндік бермек.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел Президенті фармацевтикалық нарықтағы отандық өндірістің үлесін 50% дейін жеткізуді тапсырған болатын.

Адам Алексеюк, фармацевтикалық компания директоры: 

– Біз Қазақстанды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз. Бұл  маңызды іске тек өндіріс ретінде ғана емес, барынша жауапкершілікпен қараймыз. Ел халқының бізге сенім артқанына алғыс білдіргім келеді. Жаңа препараттардың өндірісі қолдау тапқанына қуаныштымыз. Президент тапсырмасына сәйкес дәрі-дәрмек өндірісінің тең жартысы жергілікті үлесте болуы тиіс. Оған жету үшін әлі біраз шаруа тындыру керекпіз. 2029-2030 жылдары осы межені бағындыруға барымызды саламыз. 

Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?