Үкіметте Қазақстанның жаңа Конституциясын іске асыру шаралары талқыланды

Үкіметте Қазақстанның жаңа Конституциясын іске асыру шаралары талқыланды

Үкімет отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Премьер-министр жаңарған Ата заң елдің ұзақмерзімді стратегиялық дамуын айқындайды және жүйелі өзгерістердің негізін қалайды, деп атап өтті. Қолға алынған реформалар шеңберінде 5 жаңа және қолданыстағы 8 Конституциялық заңға, сондай-ақ 60 астам заңға оның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енгізу көзделіп отыр. Өзгерістердің басты мақсаты - адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

– Мемлекет басшысыгның тапсырмасын орындау аясында Үкімет Парламентпен бірлесіп тез арада бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілерді жаңа Конституцияға сәйкес келтіруге тиіс. Конституцияны ілгерілету бойынша іс шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту қажет. Бұл Ата заңды жаппай басып шығаруды, оны қолжетімді электранды платформаларда орналастыруды, білім беру саласы үшін әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді талап етеді. Сондай-ақ еліміздің жаңа Конституциясы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

Жаңа Конституция саяси тұрақтылықты нығайтуға және экономика мен қоғамды одан әрі жаңғыртуға бағытталған. Осыған орай, қабылданған жаңа Незігі заңда адами капиталды, ғылым мен мәдениетті, цифрлық орта мен экологиялық қауіпсіздікті дамытуға басымдық берілген.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

– Барша қазақстандықтарды тарихымыздағы аса маңызды оқиға жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын. Бұл Қазақстанның заманауи тарихындағы ел тағдырын айқындайтын елеулі кезең. Президенттің басшылығымен және қағамның белсенді қолдауымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер Қазақстанның кез келген қатерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді. Бүгінде жаһан жұртының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көшбасшылығына және қабылданған Конституцияның прогрессивті сипатына куә болғанын көріп отырмыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?