Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай
тұжырымдамасын бекітті. Ол өскелең ұрпақтың құқықтары мен
мүдделерін тұрақты әрі жүйелі түрде қорғауға бағытталған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде әзірленген
Бағдарлама балалардың білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз
ету және оларды әлеуметтік қолдауды көздейтін нақты шаралар жоспарын қамтиды. Сондай-ақ, құжатта балалардың құқықтары саласындағы нормативтік
құқықтық базаны одан әрі іске асыру және жаңарту көзделіп отыр.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі өз парақшасында «Қазақстан балалары» бағдарламасы – балалардың
құқықтары мен болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытындағы негізгі
мемлекеттік саясатқа ықпал ететін кешенді
әрі ұзақ мерзімді құжат
екенін атап өтті. Осылайша, бұл мәселелер басты бағыттардың бірі саналады және Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше назарында.

