Астанаға
Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта
ресми сапармен келді. Мәртебелі мейманды
Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Тараптар келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың
даму әлеуетін талқылайды. Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Еуропалық Одақ
арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол
қойылғанына 10 жыл толады.

