Бұл – 2023 жылы Үкімет алдында тұрған міндеттер. Жаңа жылдағы министрлер кабинетінің алғашқы отырысында Әлихан Смайылов осылай деді. Оның айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жалпы үйлестіру, сондай-ақ, құрылымдық өзгерістер артады. Сонымен қатар Үкіметтің бес жүзден астам функциялары министрліктер мен әкімдіктерге берілген. Аталған Заң министрлердің дербестігі арттырып, енді барлық ағымдағы салалық мәселелер министрлердің бұйрықтарымен қабылданатынын білдіреді.
Көтерілген тағы бір мәселе, Экология министрлігінің қайта ұйымдастырылуынан кейін кейбір функциялар мен өкілеттіктер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді. Енді тиісті ведомство алдында жаңа міндеттер тұр. Смайыловтың айтуынша, министрлік жер қойнауын игеруге инвестиция тарту және геологиялық ақпараттың бірыңғай деректер банкін пайдалануға беруді аяқтауы керек.