Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауарайналым 2024 жылы $1,6 млрд жетті

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауарайналым 2024 жылы $1,6 млрд жетті

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты сауда өткен жылы ұлғайды. Бүгінде тараптар арасындағы алыс-беріс 1 млрд 600 млн долларға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен көрші мемлекет Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиевпен кездесу барысында белгілі болды.

 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:


- Елдеріміздің көшбасшылары арасындағы белсенді саяси диалог қазақ-қырғыз әріптестігінің бүкіл спектрі бойынша жоғары динамиканы қамтамасыз етіп отыр. Елдеріміз арасында өзара сауда-экономикалық байланыстар орнықты дамып келеді. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы тауарайналымын 2030 жылға қарай 3 млрд долларға дейін жеткізу міндетін қойды. Үкіметтер осы міндетті іске асыру бағытында жұмысты жалғастырып жатыр.


Қазақстан өнім экспортын 200 млн доллардан астам сомаға 175 атаудағы өнім экспортын арттыруға дайын. Олардың қатарында мұнай химиясы, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, фармацевтика өнеркәсібі бар. Екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – АӨК-дегі ынтымақтастық. Сала үлесіне өзара сауданың 20% -ке жуығы тиесілі. Елдер ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайту бойынша Жол картасын іске асыруда. Сондай-ақ, өнеркәсіп саласында бірлескен кәсіпорындар құруға бағытталған инвестициялық өзара іс-қимыл басты назарда. Тараптар су-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Бірлескен шаралардың арқасында былтыр суару маусымы шығынсыз өтті. Бұдан бөлек кездесуде көлік-транзит әлеуетін арттыру мәселесі қаралды. Айта кетейік, Қазақстан Қырғызстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. Біздің еліміз көрші республиканың экономикасына АҚШ валютасында 1 млрд 300 млн-нан көп инвестиция салды.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?