Биыл елімізде 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Өткен 12 аймен салыстырғанда, бұл 2 млн шаршы метрге көп. Бұл орта деңгейдегі 550 мың бір бөлмелі пәтерге тең деуге де болады. Болашақта тағы да 1 млн-ға жуық қазақстандық отбасын баспанамен қамтамасыз ету қарастырылып отыр. Үкімет отырысында ел Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі тұрғын үй саясаты күрделі реформаларды бастан өткеріп жатқанын, бұл бірінші кезекте, қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажет екенін атап өтті.
Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, жаңа шаралар кешені тұрғын үйді қолжетімді етеді және жеке құрылыс салушылардың инвестициялар ағынын арттырады. Бұдан басқа, республикада нарықтық жағдайларда қаржыландыру көлемін ұлғайту бойынша тәсілдер әзірленді.
Авторы: Ақзер Сегізбай