Қазақстанда биыл 11 мың шақырымнан астам жол құрылысы жүргізіледі

Қазақстанда биыл 11 мың шақырымнан астам жол құрылысы жүргізіледі

Биыл Қазақстанда e-Joldar бірыңғай жүйесі іске қосылады. Ол ел аумағындағы барлық жолдардың жағдайы, жөндеу мерзімі мен тас жолдардың паспоттары туралы мәліметтерді біріктіреді. Бұдан бөлек, ақпараттық жүйе ашықтық пен қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, 2026 жылы республикада 11 мың шақырымнан астам жол құрылысы жүргізіледі. Көлік министрлігінің ақпраты бойынша, құрылыс жұмыстары республикалық тас жолдарымен қатар, аймақтық жолдарды да қамтиды. Басым бағыттар қатарында бейінді ведомство «Орталық – Батыс», «Қарағанды – Жезқазған», «Қызылорда – Жезқазған» және басқа да ірі магистраль жобаларын атап отыр. Қызылорда, Петропавл, Рудный сияқты ірі қалалардың айналма жолдарын салуға, сондай-ақ туристік бағыттарды жақсартуға айрықша көңіл бөлінеді. Сондай-ақ 33 автомобиль өткізу пунктін кең ауқымды қайта жаңғырту басталады. 2030 жылға қарай олардың өткізу қабілеті 35 миллион тоннаға дейін өседі деп жоспарланған.


Мақсат Қалиақпаров, ҚР Көлік вице-министрі:


- Бүгінде барлық қажетті шаралар мен жоспарланған техникалық-экономикалық негіздемелер жасалды, жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Қажетті қаражат толығымен қарастырылған. Ауқымды жұмыс жоспарлап отырмыз және оны толығымен орындаймыз. Мемлекет басшысы қойған барлық міндеттер мен мақсаттар тиісті мерзімінде және толық көлемде орындалады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?