2024 жылы Жамбы ату тарихынан сыр шертетін кітап және отандық комикс жарық көреді. Сондай-ақ аталмыш ұлттық спорттың негізінде мобильді ойын құрастырылмақ. Бұл туралы Жамбы Ату федерациясының Президенті арнайы брифинг барысында мәлімдеді. Еркебұлан Ілиясовтың сөзінше, бұл жастарды қазақтың дәстүрлі ойынына баулудың қамы. Осы мақсатта ат үстінде садақ ату жарыстары түгелдей заман талабына сай цифрландырылуда. Сынға қатысушы мергендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тартыс алаңы сандық жүйеге келтірілді. Арнайы лазерлік жол белгілері мен таймерлер және бейнебақылау жүйесі орнатылған. Бұған қоса жарысты онлайн бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленді. Бұл электронды жүйені де алдағы жылдан бастап іске қосыу көзделген.
Еркебұлан Ілиясов, «Жамбы ату»
федерациясының президенті:
-Біздің халыққа мобильді қосымшаға
кіріп, сол жерде онлайн түрде қай спортшы, қандай атта, қанша ұпай жинады соның
бәрін футболды көріп жатамыз ғой кім қанша гол салды, қанша метрден гол салды, сол
сияқты қанша метрді жүріп өтті деген сияқты толық ақпарат сол жерден көріп
отыруға болады. Оның бәрі жарыстарымыз бен чемпионаттар ашық өтсін деген бір
мақсат.
Жалпы 2024 жылы Қазақстанда жамбы атудан 12 ел ішілік және 6 бірдей халықаралық чемпионат өткізу жоспарланған. Сондай-ақ алғаш рет ат үстінде садақ атудан қыздар арасында «Томирис» жарысы ұйымдастырылмақ. Ал осы айдың 16-22 аралығында Ұлттық құрама Сауд Арабияда дүниежүзілік Жамбы ату сынында ел намысын қорғайды.