Отандық режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі Бразилияда өткен кинофестивальде жүлделі орынға ие болды. Картина «Өзгеше көзқарас» бөлімінде «Үздік фильм» деп танылды. Айта кетейік, осы аталымда тағы он елден әлемдік кинематографияның жаңа туындылары мен түрлі фестивальдерде марапаттарға ие болған жеті фильм бақ сынады. Сондай-ақ, «Ақын» картинасы Париждегі Жорж Помпиду атындағы Орталық заманауи өнер мұражайында да көрсетіледі. Шара Франция астанасында маусымның 10-ы мен 26-сы аралығында өтеді. Онда Берлин кинофестивалінде жеңіске жеткен туындылар ұсынылады.