Қазақстандық
битмейкерлер жаңа белестерді бағындыруда. Бүгінде олармен көптеген әлем жұлдыздары келісімшартқа
тұруда. Осындай танымалдыққа
Абай облысындағы
мектептерінің бірінің қарапайым биология пәні мұғалімі қол жеткізді. Музыкалық
әлемде Eraholic лақап атымен танымал Ерқанат Садуханов шетелдік рэп
орындаушысы Ники Минаж альбомының саунд-продюсері атанды. «Pink Friday 2»
альбомының делюкс нұсқасы желтоқсан айында шықты. Бұл туралы облыстың баспасөз
қызметі хабарлады. Бұған дейін музыкант Dua Lipa, Blackpink тобының Rosalia
және Lisa-мен
жұмыс істеген. Айта
кетейік, жас педагог өзінің негізгі қызметін халықаралық жобалардағы жұмысымен
табысты ұштастыра білді.
Ерқанат
Садуханов, композитор:
- Барлық битмейкерлер сияқты өз жұмыстарымызды әлеуметтік желілерде жариялаймыз. Бір сайтта мен өз жұмысымды жарияладым. Және алғашқы жұлдызды әртіс Dua Lipa болды. Ол осы сайт арқылы байланысқа шығып, менің жұмысымды сатып алды. Міне, бәрі осылай басталды. Бразилиялық әнші Anitta бар, Канада-Филиппин дуэті Manila Grey - бұл барлығы шетелдік әртістер. Сондай-ақ, Украинадан «Время и стекло» тобынан Надя Дорофеева және көптеген қазақстандық әртістер бар.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

