Түркістан облысының туризм саласын дамытуға 64 млрд теңге инвестиция тартылды

Түркістан облысының туризм саласын дамытуға 64 млрд теңге инвестиция тартылды

Жыл басынан бері Түркістан облысының туризм саласын дамытуға 64 млрд теңге инвестиция тартылды. Бизнестің бұл бағытқа қызығушылығы өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Бүгінде аталған аймақта осы саланы жетілдіру үшін тарихи-танымдық, экологиялық және емдеу-сауықтыру сынды үш негізгі бағыты айқындалған. Қазіргі таңда киелі өңірде 47 жоба іске асырылуда. Негізінен курорттық аймақтар, аквапарктер, бес жұлдызды қонақ үйлер салынуда. Қолданыстағылары кеңейтіліп, жаңғыртылуда.


Нұрдаулет Медеуов, Түркістан облысы Туризм басқармасының басшысы:


- «Medina Palace» қонақ үйінің қазіргі таңда құрылысы біткен. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жасалып, 2025-ші жылы туристік маусымдарда іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек «Ақсу-Жабағылы» санаториясын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі жылдары туристерді тарту үшін жаңадан инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Оның ішінде атап айтатын болсақ сандық ұлттық тағамдар мейрамханасы мен қолөнершілер орталығы және «Күлтөбе» қалашығын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысына 400 мыңнан астам турист аяқ басқан. Сонымен қатар, «E-қонақ» жүйесінің дерегінше, биылдың алғашқы 10 айында өңірге 20 мыңға жуық шетелдік саяхатшы келді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?