Бұл туралы еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады. Министрлік IT-қызметтердің экспортын дамыту негізгі стратегиялық бағыт екенін атап өтті. Осыған байланысты ұлттық жобада арнайы көрсеткіштер басты мақсат ретінде белгіленген. Жалпы 2025 жылға қарай IT экспортын 500 миллион долларға жеткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, отандық кəсіпкерлердің жаһандық нарыққа шығуына қолайлы жағдай жасалып, əр түрлі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар елімізде экспортқа шығаратын индустриалды-инновациялық мекемелер үшін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер бағытында пайда болатын шығындардың орнын толтыру механизмі қолданылуда. Бұл механизмнің арқасында 2022 жылы 60 млн теңгеге жуық шығындар өтелді.