Мемлекет басшысы
Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Саран қаласындағы Silk Road Electronics жаңа зауытында болды. Қазір
онда тұрмыстық және электронды техника шығарылады. Биылғы жылдың басынан бері
компания Қазақстанның сауда желілеріне 100 мыңға жуық өнім жеткізген. Енді компания 2027 жылға қарай толық өндірістік
қуатына көшіп, 1 млн-нан аса тұрмыстық
техника шығаруды және өз өнімін ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр.
Александр
Критский, «MERIDIAN COMPANY» компаниясының техникалық директоры:
- Біз 7 түрлі тұрмыстық техника шығарамыз. Негізінен теледидарлар,
шаңсорғыштар, кір жуатын машиналар, шағын пештер мен су жылытқыштар жасаймыз.
Қырғызстанға алғашқы жеткізілім жасадық. Қазір біз ТМД мен Кеден одағының өзге
де елдеріне экспортты кеңейту бағытында жұмыс жасап жатырмыз.
Ал, оңтүстік кореялық компанияның келуімен
өндіріс көлемі артады. Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының басқарма
төрағасы Минки Чу аталған өндіріс алаңында Samsung брендімен теледидар және
автоматты кір жуу машинасын шығару көзделіп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ,
Мемлекет басшысы Саран қаласында шиналар шығаратын зауытта болды. Қасым-Жомарт
Тоқаев кәсіпорынның өндірістік циклімен және даму перспективаларымен танысты. Алғашқы жылы зауыт 1 млн, ал 3 жылдан кейін
3,5 млн шина шығарады деп күтілуде. Айта кетейік,
автомобильдерге арналған дөңгелектер Attar брендімен шығарылады және ол халықаралық стандарттарға сай сертификат иеленген. Отандық өнім ішкі, сондай-ақ сыртқы нарыққа да сатыла
бастады. Биыл елімізде құрастырылатын JAC
маркалы автомобильдер конвейерден онымен шығады. Мемлекет басшысы бұйымдардың біріне өз
қолтаңбасын қалдырды.
Дмитрий Пророков,
Дөңгелек
орталығының жинау-дайындау учаскесінің бас инженер:
- 13-тен 20 дюймге дейін дөңігелек жасау жоспарланған.
Қазіргі менің артымда 16 дюймдік дөңгелектерді жинау жұмыстары жүріп жатыр. Ал, мына жерде 15 дюймдіктері құрастырылуда.
Өндіріс қуаттылығы 3,5 млн дөңгелекті құрайды. 3 млн жеңіл және 500 мың жүк
Қасым-Жомарт
Тоқаев Шахтер ауылының әлеуметтік нысандарын аралады. Мұнда дене
шынықтыру-сауықтыру кешені, волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі және
қазақ күресі секциялары жұмыс істейді. Бұл жерге көрші ауылдардың балалары да
келеді.
Қасым-Жомарт
Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Менің ойымша, болашақта сендер чемпион бола аласыңдар,
бірақ ең бастысы өз бойыңда тазалықты ұстау. Спорт - бұл, әрине, салауатты өмір
салты. Бұл жарқын болашақ. Сондықтан, мен сіздерге табыс тілеймін!
Мемлекет басшысы
жөндеуден өткен Мәдениет үйін аралап көрді, үрлемелі аспаптар
оркестрінің ұжымымен әңгімелесіп, өңірлерде спорт және мәдениет жобаларын іске
асыру маңызды екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл еңбеккерлерімен де тілдесті. Президент мемлекет
ауылды дамытуға ерекше көңіл бөліп, фермерлерге қолдау көрсетуді
жалғастыратынын атап өтті.