Сондай-ақ тараптар өзара алты аймақаралық келісім және бес өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Келісімдерге Алматыда Қазақстан мен Қытай шекаралас ынтымақтастығының II Достық диалогы аясында қол жеткізілді. Сонымен қатар Қазақстан Қытай нарығына 1 млрд доллардан астам 135 тауар түрі бойынша өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең көлемін ұсынуға дайын.
Атап айтсақ, кәсіпкерлер аспан асты еліне салқындатылған ет пен балық, жұмыртқа және басқа да өнім түрлерін экспорттай алады. Сондай-ақ Қазақстан жыл сайынғы бидай жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін жеткізуге дайын.