Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Ақсу-Жабағылы қорығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында мың көшет егілді. Нақтырақ айтсақ, игі іске жастар мен мектеп оқушылары үн қосып, табиғи мекеннің теңіз деңгейінен бір жарым мың метр биіктікте орналасқан  Жетісай шатқалында ағаш отырғызды. Мақсат - мұнда орман қорын толықтыру. Осы бірегей экожүйе ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар тізіміне енгізілгенін айта кету керек. Мұнда өсімдіктің 1300 астам түрі, соның ішінде сирек кездесетін қызғалдақтар да өседі. Жотасында қар барысы, қоңыр аю мен Түркістан сілеусіні мекен етеді. Жалпы биылдың өзінде киелі Түркістан өңірінде 1 млн астам түп жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

Мадина Асанбай, эко белсенді:

- Таза Қазақстан акциясына мектебімізден 30-ға жуық оқушы 20-ға жуық жас маманды әкеліп отырмыз. Жалпы мен өзімде осы бастамаға волонтер ретінде келіп отырмын. Әрбір жастар осындай бастаманы қолға алса, елімізде бұдан да көркейеді деген ойдамын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?