Қазақстанда италиялық туристер тал екті

Қазақстанда италиялық туристер тал екті

Италиялық туристер Қазақстанның көрікті жерлерін аралап, көне тарихи-мәдени орындарымен танысып жүр. Жерорта теңізі жағалауынан келген меймандардың экскурсиялық бағдарламасында Тараз шаһарының киелі мекендерді де бар. Рим, Милан, Неаполь және Турин қалаларының тұрғындары Қараханидтер дәуірінен бері келе жатқан Қарахан кесенесіне арнайы тоқтады. Саяхатшылар Әулие ата жерінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, тал екті. Меймандар ел бойынша жүріп жатқан жаппай тазалық шарасына таңданыс білдіріп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаға жоғары бағаларын берді.

Кристина Гаррига, Турист, Италия:

- Бәріне сәлем. Мен Кристинамын, бұл Карло. Біз Қазақстанға жұма күні қонаққа келдік. Мұнда 14 күн боламыз. Бұл елде маңызды және өте әдемі ескерткіштер көп. Сонымен қоса сіздерде өте әдемі табиғат бар. Біз сіздермен бірге ағаш отырғызғанымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ, бұл әдемі фаунасы мен флорасы бар керемет ел. Рахмет!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?