Түркістан облысында 1,2 млн түп ағаш егу жоспарланған

Түркістан облысында 1,2 млн түп ағаш егу жоспарланған

Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан облысында көшет отырғызу науқаны басталды. Өңірде биыл 1,2 млн түп ағаш егу жоспарланған. Оның 631 мыңы осы көктем мезгілінде отырғызылады. Облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған игі бастама барлық елдімекенде қолға алынған. Көгалдандыру жұмыстарына ауыл жастары, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен бөлек зейнеткерлер де қатысып жатыр. Мәселен, Қазығұрт ауданындағы Атбұлақ елдімекенін жасыл желекпен көмкеріп жүрген жандар осы ауылдың 1960 жылы туған азаматтары.

Бауыржан Ибрагимов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:

- Жалпы енді 60 жылғылардан бастап, 2000 жылғыларға дейін өздерінің бөліп-бөліп алған обьекттері бар, сол жерге егіп жатырмыз. Барлық қолына күрек ұстай алатын, денсаулығы бар азаматтардың барлығы осы жерде жүр. Бәріне мыңда бір рахмет! Мұның барлығы ертең өсіп келе жатқан жастарға үлгі! Өз елімізді, өз ауылымызды өзіміз көркейтпесек, ешкім келіп бізге, ағаш егіп, гүл егіп бермейді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?