Астанада биыл 1 миллионнан астам көшет егіледі. Сондай-ақ,
180-нен аса қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылады. Астана әкімі Жеңіс
Қасымбек Мемлекет басшысын елорданы көгалдандыру жоспарымен таныстырды. Яғни шаһардың тарихи көшелерінде,
Президент саябағында, Үкімет үйінің айналасында, Есіл өзенінің жағалауында,
Триатлон паркінде және басқа да нысандарда абаттандыру жұмыстарының
жүргізілетінін айтты. Бас қалада ағаштарды құжаттандыру және цифрландыру арқылы
есепке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш
туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса, тиісті органдарға хабарлай
алады.

