Түркістан облысында жаңа су электр станциясы пайдалануға берілмек. Жобаның жалпы құны 700 млн теңгені құрайды. Мұнда сағатына 1,5 МВт электр энергиясы өндіріледі. Су Келес өзенінен арнайы тартылған құбыр арқылы жоғары қысыммен келеді.
Бақберген Қалыбеков, жоба директоры:
– Клапандарды, турбиналарды су қысыммен келіп айналдырады. Трубина валмен қосылған. Ол валды айналдырады. Вал келіп оған электр қуатын береді. Бүкіл Қазақстанға жеткізбесек те ауыл-аймақтарды, осы жақын төңіректегі ауылдарды электр энергиясымен қамту жоспарымызда бар.
Түркістан облысы аумағында жаңартылған энергия көздерін дамытудың арнайы жоспары әзірленгенін айта кеткен жөн. Жалпы жеті жыл ішінде өңірде жалпы қуаты 220 МВт болатын 20 жоба іске асырылды. Нәтижесінде өткен жылы жаңартылатын энергия көздері нысандарынан өндірілген электр энергиясының көлемі 357 млн кВт сағатты құрады. Ал, биылғы жоспар 400 млн кВт сағаттан асып отыр. Бұдан бөлек облыста ірі жобаларды іске асыру үшін инвестиция тарту жұмыстары қолға алынған.
Бекет Өсербаев, аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары: – Барлық жобаларымызды қосқанда 5 млрдқа жуық инвестиция тарту биыл жоспарға қойылды. Өзіміздің аймағымызға қарасты 24 гектарға жуық индустриялдық аймақ жұмыс істейді. Қазір онда 5 жоба жұмыс істеп тұр. 11 гектарын алып отырсақ, қалған 20 гектары бос. Соған инвестиция тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.