Түркістан облысы экономикасына шетелдік инвестиция көлемі 1 жарым млрд долларға жуықтады. Өткен жылы аймақта 340 млрд теңгенің 58 инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. Өңірдің дамуы мен алдағы жоспарлар туралы Мемлекет басшысына әкім Нұралхан Көшеров баяндады. Облыс экономикасының өсімі 113%-тен асқан. Өңірдегі 21 индустриялық аймақ тұрақты даму көрсетіп келеді. Тек Turan арнайы экономикалық аймағының өзінде 315 млрд теңгенің 26 жобасы жүзеге асырылуда. Облыста мақта-тоқыма, жүгері және ет кластерлері дамып келеді. 2027 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 480 млрд теңгеге ұлғаяды деп күтілуде. Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. # Turan арнайы экономикалық аймағы #Түркістан облысы # экономикалық өсім # инвестиция # ауыл шаруашылығы #Тоқаев #Нұралхан Көшеров Веб-редактор: Айнұр Досан 1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба? Иә Жоқ Күнделікті қолданамын Спасибо за участие! Сондай-ақ Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторға салынған инвестиция үлесі 20% артты Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық арта түседі Астанада «Бір белдеу-бір жол» бастамасының 10 жылдығын қорытындылады Қазақстан мен Қытай $2,5 млрд келісімдеріне қол қойды ЕАДБ 2024 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімін 5% деңгейінде болжап отыр Қазақстан мен Солтүстік Македония іскерлік кеңес құруда