Алтын өндіру өнеркәсібінде 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Алтын өндіру өнеркәсібінде 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Алдағы 3 жылда Қазақстанның алтын өндіру өнеркәсібінде 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл бағытқа 780 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Осы кезеңде қайта өңдеу көлемі 20,6 миллион тоннадан асады немесе 21 тонна Доре қорытпасы өндіріледі. Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай қорытпалар аффинаждық зауыттарға жіберіледі. Жалпы, сарапшылардың айтуынша, бұл Қазақстанға бағалы металдарды өндірудің әлемдік нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Соңғы он жылда республикада тау-кен байыту комбинаттарын салу, жаңғырту және кеңейту бойынша 19 жоба іске асырылды. Олардың жалпы өңдеу қуаты 27 млн тонна. Оларды жүзеге асыруға 460 млрд теңге инвестиция тартылған. Басым бөлігі Ақмола өңірі мен Абай облысындағы кен орындарында алтын өндіру фабрикаларын салуға жұмсалды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?