«Га га гой» -
Өзбекстанда осындай ерекше атаумен авторлық көрме өтіп жатыр. Экпозиция
Ташкенттегі әйгілі «Ильхом» театрында орналасты, онда қазақстандық суретші Айша
Бақтығұлдың туындылары қойылған. Картиналар абстракция жанрында орындалған және
оларды интуиция, ырғақ пен түс арқылы түсінуге болады. Ұйымдастырушылардың
айтуынша, рационалды мағынаны ашу мен тікелей талдау орнына бейнені сезіну
деңгейі үстем түсуі қажет. Айта кетейік, экспозиция Айша Бақтығұлдың алғашқы халықаралық
дебюті және шығармашылық өмірбаянындағы үшінші көрмесі. Нейрожүйе ерекшелігі
бар суретші, танымал бейнелеу өнерінің шебері Арыстанбек Шалбаевтың шәкірті.
Бұған дейін жас автордың жұмыстары Қазақстанда көрсетілген. Ташкенттегі көрме
26 сәуірге дейін жалғасады.
Ольга Веселова,
Көрменің кураторы:
- Биылғы
мерейтойлық жылда бізді қазақ өнерін, заманауи өнерді көрсетуге шақырды. Біз
абстрактілі кескіндеме жанрында жұмыс істейтін суретші Айша Бақтығұлдың
туындыларын таңдадық. Театр дегеніміз - үнемі санамен түсініп отырудың орнына,
бір сәт сезіммен түйсінетін орын. Айшаның кескіндемесі осыны анық аңғартады. Бұл
көрменің маңызды аспектісі - оның инклюзивтілігінде.
Санжар
Серікбаев, Көрменің сүйемелдеушісі:
- Ол әлемді түйсік
арқылы сезінеді және сол арқылы өзінің бүкіл шығармашылығын кенептерге көшіреді.
Біз аудиторияның Ташкентке барынша көп келуін қалаймыз. Сондықтан біз өзбек
және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар мен мәтіндерді арнайы дайындадық. Олар жазба
мәтінмен қатар Брайль тіліне де аударылған.

