Қазақстан темір жолдарында АІ енгізіледі

Қазақстан темір жолдарында АІ енгізіледі

Қазақстан темір жол саласының цифрлық жаңғыруын жалғастыруда. Елдегі көлік жүйесінің негізгі нысандары бойынша бар ақпарат Data Lake бірыңғай деректер қоймасына біріктіріледі. Кейін оның базасында AI технологиялары мен үлкен деректер талдауын пайдалана отырып, Smart Rail зияткерлік платформасы енгізіледі. Алгоритмдер темір жолдардағы, локомотивтердегі және вагондардағы датчиктерден алынған деректерді талдап, тасымалдау тәуекелдерін болжай алады. Яғни, бағыттарды оңтайландырады. Сондай-ақ, қызмет көрсету сапасын және барлық логистикалық тізбекті басқарудың тиімділігін арттырады деп күтілуде. Үкіметте атап өткендей, озық цифрлық технологияларды енгізу Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Еуразияның ірі көлік-логистикалық торабы ретінде позициясын нығайтады. Жалпы көлік саласында AI-шешімдерді енгізудің тиімділігін әлемдік тәжірибе дәлелдеді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қытай, Жапония, Еуропалық Одақ көлік саласында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Олар пойыздардың қозғалыс кестесін оңтайландыруға, бос тұрып қалу уақытын қысқартуға, өткізу қабілетін және желіні күтіп-ұстау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.  Көлік министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін бүкіл көлік-логистикалық тізбекті нақты уақыт режимінде басқаруды жеңілдететін «деректер көлін» құру шараларын қабылдауы қажет. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?